Облыс әкімінің өкімімен Қожабергенов Фердоуси Әбілқасымұлы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады syrboyi.kz.
Ф.Қожабергенов 1972 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», сондай-ақ «Болашақ» университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы жас техниктер станциясы үйірмесінің жетекшісі ретінде бастаған.
1992-2014 жылдары салық органдарының Қазалы, Арал және Сырдария аудандарындағы аумақтық бөлімшелерінде жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
2014 жылдан бастап осы кезге дейін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<