Өткен тәулікте 6 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды

539

0

Қызылорда облысында өткен тәулікте 6 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды. Тіркелген науқастардың 6-ы Қызылорда қаласының азаматы.


Өткен тәулікте 14 науқас індеттен айықты. Оның 12-і Қызылорда қаласының, 1-уі Жалағаш, 1-уі Шиелі ауданының тұрғыны. Індет басталған кезеңнен бері 3715 адам вирустан жазылып шықты.
24 сағат ішінде зертханаға 1184 сынама тапсырылған. Оның 808-і тексерілді, 376-ы бойынша жұмыс жасалуда. 16203 қалдық тест қалып отыр.


Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 46 науқас, 5 науқас инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<