Қызылорда қаласында үздік көшелер анықталды

503

0

Екі кезеңнен өткен байқауда үміткерлер алдымен өз көшелерінің тарихын бейнеролик арқылы таныстырса, екінші кезеңде өнер жарыстырып, наурыз тойы негіз болған театрландырылған қойылымдарын көрсетті.


Сонымен, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішев бастаған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге Титов қыстағынан келген Ш.Құдайбердіұлы атындағы көшенің өнерлі тұрғындары лайық деп танылса, І орынды Қызылжарма ауылынан Қ.Сексенбаев көшесінің тұрғындары жеңіп алды. Ал ІІ орын Қараөзек ауылының Абылайхан атындағы көше тұрғындарына бұйырса, Талсуат ауылының А.Құнанбаев атындағы көше тұрғындары ІІІ орынды қанағат тұтты.


Барша жеңімпаздар мен қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<