Қызылордада 185 мыңнан астам адам вакцина салдырды

652

0

Қызылорда облысында 2021 жылғы 12 шілдедегі мәлімет бойынша I компонентпен 185 791 адам вакцина салдырды, II компонентпен 101 317 адам.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар қатарында педагогтер, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым.


Оған қоса вакцина салдырғандар қатарында жұмыссыздар, зейнеткерлер мен кәсіпкерлер саны артып келеді.
«Өңірде созылмалы сырқаты адамдар да екпе қабылдауға ниет білдірді. Сондай-ақ, егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдауда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<