Қызылордада мал бағуға шыққан адам бірнеше күннен кейін табылды

838

0


Қызылордада жедел құтқару жасағының мамандары мал бағуға шығып, бірнеше күн бойы хабарсыз кеткен адамды іздеп тапты.


Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар департаментіне мал бағуға шығып, тұрғылықты мекен-жайға қайта оралмаған азамат жөнінде хабар келіп түсті.


«Осыған байланысты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздеуге шықты. Оған екі іздестіру иті пайдаланылды. Мамандар «УАЗ-3909» автокөлігімен Қызылшың аумағында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушылар «ҚуатАмлонМұнай» АҚ кенішіне қарай 20 шақырым жерден 1967 жылғы малшыны аман-есен тапты.


Оны қожалық иесі мен полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен қожалық иесі бірге атсалысты», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<