Қызылордада қолөнер фестивалі өткізіледі

1648

0

Биылғы жылдың 30 қыркүйегінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыстың қолөнер шеберлеріне арналып «Қолөнер – асыл қазына» көрме-фестивалі өткізілу жоспарлануда.


Шараның басты мақсаты – қазақ халқының этно-мәдени ерекшелігіне өзіндік қызығушылығын тарту. Мәдениет пен туризмнің тарихи эволюциясы жолдарының бірегейлігін одан әрі дамытудағы көзқарастың жаңа әдістерінің ортақтығын анықтай отырып, өңіріміздегі этнотуризмнің дамуына өзіндік үлес қосу болып табылады.


Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Испания мемлекетінде Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясымен бекітіліп, жыл сайын 27 қыркүйек күні атап өтіліп келеді.


Мерекенің мақсаты – туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастықтың экономикасына қосар үлесін айту, әртүрлі елдер халықтарының арасындағы байланысты дамыту болып табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<