Талға мініп, түсе алмай қалған балаға құтқарушылар келді

772

0

Ақтөбеде 13 жастағы бала талдың басына шығып, қыстырылып қалды. Оқиға қаланың Гришин көшесінде болды, деп хабарлайды Экспресс К.


Далада ойнап жүрген бала лақтырған добын алмақ болып, талдың басына шығады. Алайда бірнеше рет әрекеттеніп көргенмен, биік талдан төмен түсе алмаған.


Баланы құтқаруға төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді. Олар баланы аман-есен жерге түсіріп, ата-анасына табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<