WhatsApp-та жаңа пайдалы функция пайда болады

447

0

Фото: ашық дереккөз

WhatsApp мессенджерінде фото мен видеоны бір мезгілде бірнеше адамға жіберуге болатын функция пайда болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetaInfo сайтына сілтеме жасап.

Сурет, видео немесе GIF-анимацияны жіберер кезде бірнеше қолданушыны таңдау немесе оны сатусқа жариялау мүмкіндігі пайда болады. Қазір мұндай мүмкіндік тек «Камера» бөлімінде қарастырылғанын айта кету керек.

Қазір бұл функция Android негізіндегі смартфондарда, мессенджердің бета-нұсқасында қолжетімді. Портал мәліметтері бойынша, WhatsApp-тың iOS-қа арналған бета-нұсқасын жаңартқан кезде жаңа интерфейс қосылады, оның ішінде осы функция да бар.

Функцияның әлі де әзірленіп жатқаны айтылды, ал нақты шығатын мерзімі әлі жарияланған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<