Қызылордалықтар 13 жүлдені жеңіп алды

169

0

Алматы қаласында байдарка және  каноэде есуден өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 13  жүлдені иеленді.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері7 алтын, 3 күміс, 3 қола медальдарды облыс қоржынына салды.

Бірлік бәсекесінде сынға түскен Қожахмет Алтынбек 1000 және 3000 метр қашықтықта 2 алтын жүлдені жеңіп алса,төрттік  сайыста 500 м.қ. күміс жүлдені иеленді.

Бірлік сынында бақ сынасқан Гүлжайна Тыныбекова 200, 500 және 3000 м.қ. 3 алтын, екілік бәсекесінде 200, 500, м.қ. 2 алтын  медальдарға ие болды.

Эльнура Нұрланова бірлік сайысында 500 және 3000 м.қ.  –күміс жүлделерді еншіледі. Екілік сынында Диас Бахраддин 500 және 1000 м.қ. қола жүлделерге қол жеткізді. Төрттік бәсекесінде 500 метр қашықтықта шеберлік байқасқан Темірғали Орақбаевқа 3-орын бұйырды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қожахмет Алтынбек пен Гүлжайна Тыныбекова маусым айында Болгарияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Ал Диас Бахраддин қазан айында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында болатын жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысады.

Спортшыларды жарысқа Мұхитдин Мейірбеков пен Диана Қазиева дайындады.