Зерттеу: Тәтті сусын қатерлі ісікке әкеледі

478

0

Фото: ашық дереккөз

Қатерлі ісік – ағзаның бүкіл бөлігін, дене мүшелерін жаулап алатын дертті жасуша, емдеуге қиын аурудың түрі. Ал оған шалдықпаудың бірден-бір жолы – дұрыс тамақтану. Әсіресе, пайдалы, құнарлы тағамдарды жеп, зияндыларынан бас тартудың маңызы зор. Ал ғалымдардың айтуынша, зиянды тағамдардың қатарына тәтті сусын да жатады. Бұл жөнінде massaget.kz жазды.

Мәселен, Мельбурн университеті мен Қатерлі ісіктен қорғау жөніндегі Виктория кеңесінің мамандары бірігіп жүргізген зерттеуде тәтті сусынның қатерлі ісіктің пайда болуына себепші болатыны айтылған.

«Зерттеу жұмысында тәтті сусындардың омырау обыры мен жалпы қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелетіні белгілі болды.

Тәтті сусын дегеніміз – құрамында 5 пайыздық қанты бар сусындарды айтып отырмыз. Оған тәтті заттар, қант қосылған сусындармен бірге табиғи жеміс шырындары да жатады. 100 пайыздық таза, табиғи жеміс шырыны да кейбір сәтте зиян болуы ықтимал. Еуропа елдерінде тәтті сусын көп ішіледі. Қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында тәтті сусынды ішуді доғару профилактикасын қолдану қажет», – делінген зерттеуде.

Тәтті сусын адамға артық салмақ қосуға, бауыр мен ұйқы безіне, өт қабы мен анабезінің қабынуына әкеледі.

«Семіздікке шалдықпаған адамның өзі тәтті сусынға әуестенсе, ақылы обырға әкелуі мүмкін. Ал тәтті сусын ішпегендердің обырға шалдығу қатері әлдеқайда аз», – деп түсіндіреді доцент, онкологиялық кеңестің маманы Эллисон Ходж.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<