Жалағашта коронавирус індетінің алдын алу мәселесі талқыланды

726

0

Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде коронавирус індетінің алдын алу мәселесі талқыланды.


Жалағашта індеттің алдын алуға арналған жиында алдымен Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы О.Аханов баяндама жасап, аудандағы қазіргі ахуалға шолу жасады. Оның сөзінше, қазірдің өзінде өңірде ахуал жақсы емес. Былтыр халықты әбігерге салған дертті дендетпеуге қатысты бірқатар ұсынысымен бөліскен ол мұнымен күресуде оң нәтижеге алып барар төте жол вакцина екенін де жасырмады.


Мұнан кейін аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы А.Маханбетова өңірдегі медициналық нысандардың, ақ халатты абзал жандардың дертпен күресудегі дайындық жұмыстарын кеңінен тарқатты. Оның айтуынша, қазіргі таңда аудандағы барлық медициналық нысандар толық қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Десе де бұл “Медицина саласы дайын, халық емін-еркін жүре берсін” деген сөз емес. Сондықтан ол халық әлі де мемлекет бекіткен ортақ тәртіпке бей-жай қарамай, қауіпсіздік ережесіне аса мән беру қажеттігін қаперге салды.


Жиын соңында өңір басшысы Асылбек Өмірбекұлы жауапты азаматтарға және баяндамашыларға тиісті тапсырма беріп, мобильдік топтар жұмысын жандандыру қажеттігін қатаң ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<