Жаңақорғанда жарық мәселесіне көңіл бөлінді

682

0

Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округінде жаңадан ашылатын учаскілерге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілді. Электрмен қамту жұмыстарына 57,1 млн теңге қаралды.


Елді мекендерді тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 6 ауылдық округке яғни Ақүйік, Өзгент, Қандөз, Екпінді, Сунақата және Сүттіқұдыққа жаңадан 6 дана трансформатор алуға 11,2 млн теңге, 7 ауылдық округке яғни Қаратөбе, Келінтөбе, Өзгент, М. Нәлібаев, Жаңарық, Жайылма және Ақүйік электр бағаналарына күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдарын орнатуға 16 млн теңге бөлінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<