ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА

362

0

Сыр өңірінде жастарды қолдау және әлеуметтік қамтамасыз етуге республика бойынша ең көп қаражат бөлінеді. Жастар аймақ тұрғындарының айтарлықтай бөлігін құрағандықтан жастар саясаты мәселелері  аса маңызды. Ол туралы Қазалы ауданында өткен жастар саясаты мәселелері жөніндегі көшпелі кеңес отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

Жиын басында аймақ басшысы жастарды қолдау мәселелері аса маңызды әрі шұғыл шешімді қажет ететіндігін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, облыс халқының айтарлықтай бөлігі жастарға тиесілі. Тұрғындардың жалпы санының 24 пайызын жастар құраса, олардың 42 пайызы қалада, 58 пайызы ауылда тұрады. Біз оларға сапалы білім мен сұранысқа ие мамандық беріп, жұмысқа орналасуға көмектесуіміз керек. Сондықтан жастар саясатын қаржыландыру жұмысымыздың басымдықтарының бірі. Қызылорда облысы республика бойынша жастарды қолдауға ең көп қаражат бөлеіп келеді. Қазірдің өзінде аймақта біраз мәселе шешілді, дегенмен, атқарылмағаны да аз емес», – деді облыс әкімі.

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев өскелең ұрпақты қолдау бойынша орындалған жұмыс туралы баяндады. Аудандық жеке кәсіпкердік субъектілердің 12 пайызы – жастар. 113 қазалылық жас «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқудан өтсе, тағы да 56 «Бизнес-Кенңесші» курстарын бітірді, ал 3 кәсіпкер өз ісін бастауға қайтарымсыз грант алды. Жергілікті жастардың ұсыныс ы бойынша аудан орталығында көше кинотеатры салынып, жастар көп шоғырланатын орындарда тегін Wi-Fi өткізілетін болады.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев «Жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі жол картасын» жүзеге асыру барысы туралы баяндады. «Жол картасы» денсаулық сақтаудан бастап үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікке дейін барлық салалар бойынша жастармен жұмыс істеудің 10 бағытын қамтиды. Мәселен, жастарды жаппай кә»сіпкерлікті дамыту мен нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша оқыту мақсатында 1515 грант, мемлекеттік тапсырыс бойынша 3088 грант бөлінді.

«Бұған қосымша «Серпін-2050» жобасы бойынша бөлінетін гранттарды қосатын болсақ, 100 пайыз оқумен қамтуға толық мүмкіндігіміз бар. Биылғы жылы Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарын бітіретін 76 түлекті жұмысқа орналастыру бойынша қазіргі таңда түлектердің 31-і магистратураға тапсыруды, 45-ін жергілікті әр түрлі меншіктегі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспарлануда», – деді Еркебұлан Меңлібаев.

Кеңес отырысын қорытындылай келе, облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларына жастарды қолдау шараларын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<