«Жеңіс – барлығымызға ортақ» халықаралық медиаэкспедициясы Қызылордада

331

0

«Жеңіс – барлығымызға ортақ» халықаралық медиаэкспедициясы Қызылордада Ресейдің Нижневартовск қаласынан шыққан «Победа» маркалы раритетті көліктердің кортежі Қызылорда облысына келіп жетті. Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты елдердің қалаларын аралай жүріп, Ханты-Мансийск автономды округы Думасы жанындағы жастар парламентінің өкілдері соғыс жылдарының қиын кезеңдері жайлы көбірек мағлұмат жинау мақсатында, ардагерлермен, тыл еңбеккерлерімен кездеседі.
Қызылордаға келген медиаэкспедиция мүшелері, әуелгі кезекте, Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті. Мұнан соң, Достық Үйінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен кездесу өткізді. «Жеңіс – барлығымызға ортақ» медиаэкспедициясының жетекшісі Николай Заболотнев Ұлы Жеңіске қол жеткізуге майдандағы сарбаздар ғана емес, тыл жұмыскерлері де маңдай терін аямай күш салғанын тілге тиек етті. Оның айтуына қарағанда, автошеру аяқталған соң тыл жөніндегі құнды мәліметтерді қамтитын фильм әзірленетін болады.
«Біздің мақсатымыз – ұлан-ғайыр ел азаматтарының соғыс жылдарындағы өмірі, жағдайы жайлы барынша көп ақпарат жинап, оны жастар арасында тарату, бабаларымыздың ерлігін үлгі ету. Мамыр айында дайын болатын фильміміз автошеру жұмысы барысында жиналған ақпаратты қамтымақ. Фильм түсірілім жұмыстары жүргізілген барлық қалаларда таралатын болады. Бұл материалдарды біз не себепті жастарға түсінікті жолмен жеткізгіміз келеді? Түрлі елдердің жастары өзара бірігіп, түрлі жобаларды бірге жүзеге асыра алуы үшін. Қазақстан жастары «Жеңіс – барлығымызға ортақ!» экспедициясының қатарына келесі жылдың өзінде қосылады деп ойлаймын», – дейді Николай Заболотнев. «Жеңіс – барлығымызға ортақ» халықаралық медиаэкспедициясы Қызылордада 
17 сәуірде басталған «Жеңіс – барлығымызға ортақ!» халықаралық медиаэкспедициясы 9 мамырда мәресіне жетеді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<