ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1162

0

 Шаменов Асылбек Өмірбекұлы Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

А. Шаменов 1978 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған.

2007-2012 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2015 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<