«Зияткерлік меншік саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары туралы»

711

0

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі. Зияткерлік меншік саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер төмендегідей стандарттардан тұрады:


«Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу»
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»


«Тауар таңбасына куәлік беру»

«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру»


«Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк беру»


«Пайдалы модельге патент беру»


«Өнертабысқа патент беру»

«Селекциялық жетістікке патент беру»


Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитетіне қарасты «Ұлттық зияткерлік меншік институты» (ҰЗМИ) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитеті – патенттік ведомствоның сараптамалық функциясын іске асырушы ұйым болып табылады.


Мемлекеттік қызмет электрондық қағаз түрінде беріледі.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі. Өтінімдерді қабылдау мен сараптама жүргізу үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларға сәйкес белгіленген мөлшерде ақы алынады.


Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні мен орны көрсетілген электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.


Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Зияткерлік меншік саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін сараптама ұйымына:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тиісті қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;


2) мәлiмделген үлгiлер туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;


3) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;


4) іс жүргізу өкіл арқылы берілген жағдайда куәландырған сенімхат;

5) өтініш беруге төлем төленгенiн растайтын құжаттар тапсырылуы қажет.

С. Ибраев,


Жанақорған ауданаралық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<