Әбілдашевтар әулеті – ұлттық байқау жеңімпазы

520

0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен Отбасы күні аясында кеше «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шара эпидемиологиялық ахуалға байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан тікелей қосылым арқылы өтті. Шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев тікелей қосылым арқылы үздік деп танылған 17 отбасыға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Онлайн шара барысында ­өне­гелі отбасылар туралы әзір­ленген бейнероликтер көрсетілді. Алдағы уақытта үлгілі шаңы­рақ иелері туралы арнайы фильм көпшіліктің назарына ұсыны­латын болады.

Тікелей көрсетілім барысында әр өңірдің басшылары «Мерейлі отбасы» атанған әулеттерді құттықтады.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өнегесімен үлгі бол­ған Әбілдашевтер отбасына Мемлекет басшысының дипло­мын, арнайы статуэтка мен сыйлық сертификаттарын табыс­тады. Аймақ басшысы мерейлі отбасыға ұлттық құндылықтарды насихаттап, Отанның отбасынан басталатынын дәлелдегені үшін өзінің ризашылығын білдіріп, табыс тіледі. 

Бұған дейін аймақтық кон­курстың бас жүлдесін иеленген шиелілік Әбілдашевтердің өне­­гелі өмірі көпке үлгі. Ұзақ жыл­дар бойы аймақтың ауыл шаруа­­шылығы саласына сүбелі үлес қосқан. Шазат Әбілдашев пен Шырын Әбілдашеваның отау құрғанына 59 жыл болған. Бүгінде 10 баласынан 42 немере мен 12 шөбере сүйіп, бейнеттерінің зейнетін көріп отыр. Үлкен ұлы Нұғман Әбілдашев республикаға белгілі ғалым-агроном. Жылыжайда көкөніс өсірумен айналысады. 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.      

Байқаудың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту, бала­ларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, от­басы құндылықтарын кеңінен наси­хаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін қалыптастыру әрі үгіттеу. Байқауға еңбекте, спортта, шығармашылықта, зият­керлік салада, ғылымда немесе өзге де салаларда жоғары жетіс­тіктерге жеткен өнегелі отбасылар қатыса алады.

Биыл жетінші рет ұйым­дас­тырылған сайыстың қатысу­шылары жыл өткен сайын артып келеді. 2014 жылдан бері конкурсқа қатысуға 1500-ден астам жанұя өтінім берген. Биылдың өзінде сырбойылық 182 отбасы бағын сынады.

Бүгінде облыста 141 мыңнан аса отбасы бар. 47 мыңнан астам көпбалалы ананың 2109-ы Батыр ана. Аймақта 5 мыңға жуық «Алтын алқа», 10 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<