«Ұлық Ұлыс» уақыт ағымында

876

0

Алтын Орда кезеңі қазақ халқының, оның әдебиеті мен фольклорының қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оның негізінде кейіннен Қазақ хандығы пайда болды. 2019 жылдың соңында ҚР Үкіметі Қазақстанда Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу жөніндегі«Ұлық Ұлыс» іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл кешенді құжат тарихи, мәдени және материалдық мұраны жандандыруға бағытталған, мұнда туристер үшін ірі халықаралық зиярат ету орталықтарына айналуға тиіс ортағасырлық ескерткіштерді қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінген.


Сырдың төменгі жағы – ата-баба мұрасының өшпес естелігі сақталған құт қонған аймақ. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Сырдың қасиетті жері бүкіл қазақ халқының тарихи өлшемі болып табылады. Тұран топырағы – түркі әлемінің жүрегі. Мұнда ұлы дана Қорқыт дүниеге келді, бұл жер Шығыс өркениетінің орталықтарының бірі, Түркі мәдениетінің алтын қоймасы болды. Арал өңірінде мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы туралы көптеген деректер сақталған. Қызылорда облысының аумағында әр дәуірде төрт астана болған: Сақ мемлекетінің астанасы – Шірік-Рабат, оғыздар – Жанкент, қыпшақтардың астанасы және Қазақ хандығының алғашқы астанасы – Сығанақ. Кеңес тарихында Қызылорда Қазақстанның алғашқы астанасы болып қалды.


Қызылорда облысында Алтын Орданың 750 жылдығына орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыс кітапханаларында «Алтын Орда – Ұлы дала тарихы», «Алтын Орда: Тарих пен тағылым», «Тарихымыздың алтын дәуірі – Алтын Орда» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды.


Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жергілікті ғалым-тарихшылардың қатысуымен «Алтын Орданың әдеби мұрасындағы Сыр өңірінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, «Алтын Орда дәуірінде Сыр өңірінінде дүниеге келген әдеби мұралар» тақырыбында онлайн дәріс ұйымдастырылды.


Тұрмағамбет атындағы ұлт аспаптар оркестрінің «Алтын Орда – ұлтымыздың мақтанышы», «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Көне дәуір күмбірі» концерттері өтті. Мәдениет ұйымдарында дәстүрлі орындаушылардың «Тарихтан тартқан тағылым» концерттері және «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті»облыстық онлайн ақындар айтысы өтті. Бұл іс-шараларға 150-ден астам өнер шебері қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<