«Біз бұл сайлауда жеңіске жеттік» – Трамп

1581

0

Дональд Трамп АҚШ президенттігіне сайлаудағы жеңісін тойлауға дайындалып жатқанын айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Трамп Флорида, Огайо, Техас, Солтүстік Каролина және Джорджия штаттарында жеңіске жеткенін айтқан. Сонымен қатар, ол Пенсильванияда жеңіске жеткенін мәлімдеген.

Осыған байланысты, Трамптың айтуынша, партия жеңісті тойлауға дайындалып кетті. Ол өзіне дауыс бергендерге, отбасы мүшелеріне және әріптестеріне алғысын білдірді.

Айта кетейік, кеше, 3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, Байден 225 дауыс жинаса, Трамп 213 дауыс жинаған. Жеңіске жету үшін екі үміткердің бірі 270 дауыс жинауы керек екен.

Тengrinews.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<