Қайратбек СӘРСЕНБАЕВ, Жалағаш ауданының әкімі: ЖАҢАШЫЛ БАСТАМАЛАР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Қайратбек СӘРСЕНБАЕВ, Жалағаш ауданының әкімі: ЖАҢАШЫЛ БАСТАМАЛАР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Жалағаш ауданының негізгі тіршілік тынысы – ауыл шаруашылығы. Оның ішінде  күріш  өсіруде аудан диқандарының тәжірибесі мол. Айта­лық, өткен жылы облыс  көлемінде жинал­ған 500 мың тонна астықтың үштен бірін осы аудан еңбеккерлері өндірген еді. Көктемнің әр күні жылға азық екенін көңілге түйген диқан қауым тоң жібіп, топырақ беті жұмсарғаннан-ақ  ша­руаға жұмылып, егіске әзірлік жұмыстарын еңсеріп тастады. «Көрікті қызған кезде соқ» деген, көктемгі қарбалас тірліктің арасында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевпен әңгімелесіп, Елбасы бас­та­маларынан туындайтын міндеттер және ауданда өзге де салаларда атқарылып жатқан  жұмыстардың жайын білген едік.
Cұхбат 05 сәуір 2018 г. 1 963 0
ӘДЕП ӘДЕТКЕ АЙНАЛСА...

ӘДЕП ӘДЕТКЕ АЙНАЛСА...

 «Әдепті әдетке айналдыру». Бұл – мемлекеттік қызметші ұстануы тиіс басты қағида. Ұлт Жоспарының 12 қадамына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары белгіленген Әдеп кодексінде «Мен мемлекеттік қызметшімін» деген кез келген жанның әрекеті, тәртібі мінсіз болу қажеттілігі айтылған. Бүгінде аталған кодекс аясында халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшінің әдепсіз әрекетінің алдын алуға бағытталған бірқатар шара жүзеге асуда. Осыған орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевпен аймақта бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелескен едік.
Cұхбат 04 сәуір 2018 г. 1 865 0
СӨЗІНЕ БЕРІК, ІСІНЕ МЫҒЫМ СЫР САҚШЫСЫ

СӨЗІНЕ БЕРІК, ІСІНЕ МЫҒЫМ СЫР САҚШЫСЫ

Тергеу қызметінің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Әр қылмыстық істің артындағы адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымай, қызмет атқару кез келген адамның қолынан келе бермейтіні шындық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалаған әр күні ғана емес, әр сағатының өзі қым-қуат оқиғамен өріліп, шым-шытырық оқиғаның түйінін тарқатуда тынымсыз ой мен болжамның құшағында жүретін, өзінің тікелей міндетімен қатар басшылық қызметті де қатар алып жүрген Қызылорда қаласы  ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәрсенов Берік Жүзбайұлы жайлы сыр шертпекпіз.
Cұхбат 03 сәуір 2018 г. 1 499 0
Кәсіпкерлерге берілген жеңілдік - әлеуметтік салық алынып тасталды

Кәсіпкерлерге берілген жеңілдік - әлеуметтік салық алынып тасталды

Қымбатты достар, кәсіпкерлерге кеңес беру айдарымызды жалғастырамыз. Бүгінгі қозғалатын тақырып салық мәселесіне қатысты. Кеңес беруші Кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Айзада Есенбаева. 
Cұхбат 26 наурыз 2018 г. 892 0
Наурызда дала демократиясы көрініс тапқан

Наурызда дала демократиясы көрініс тапқан

Наурыз – Абай айтқандай, «қырдағы елдің ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп», бір жасап қалатын көктем мерекесі. Жан сарайымызды тазартып, елдің бір-бірінен кешірім сұрайтын жаңару мейрамы. Жаппай наурызкөже ішетін емес, жер-жаһанды шуаққа, адамзатты мейірімге бөлейтін күн. Наурыздың шығу тарихы, мән-мағынасы  қандай? Біз «Рухани жаңғыру» орталығының «Рухани қазына» бөлімінің меңгерушісі, ақын, түркітанушы Серікбай Қосановпен наурыздың ерекшелігі, тарихы, қасиеті туралы әңгімелестік.
Cұхбат 24 наурыз 2018 г. 939 0
ДІН: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ДӘЙЕК

ДІН: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ДӘЙЕК

Елбасы Жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында  жаңа заңнама қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр. Осыған байланыс­ты Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Бақытжан Камаловпен әңгімелескен едік.
Cұхбат 19 наурыз 2018 г. 929 0
Білікті басшы – кемелді келешек

Білікті басшы – кемелді келешек

Зерттеуші-ғалым, географ Ш.Уәлиханов халықтың кемеліне жетіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек екенін айтады. Оның біріншісі бізде бар.
Cұхбат 14 наурыз 2018 г. 560 0
ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ ТЕК ТЕАТРДА САҚТАЛЫП ЖҮР

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ ТЕК ТЕАТРДА САҚТАЛЫП ЖҮР

Жарты ғасырдан бері қазақ тілінің тазалығы, құнарлығы, шешендігі сияқты қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңірумен келе жатқан Дариға Тұранқұловамен біз Сыр еліне сапары кезінде жолықтық. Өзі армандаған актерлікті үздік бағаға аяқтаса да, ұстаздық жолға бұрылған Дариға апа бүгінде – Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 
Cұхбат 13 наурыз 2018 г. 661 0
РИПСЫ ЖЕУ – ЖҮРЕККЕ ЖАҚСЫ

РИПСЫ ЖЕУ – ЖҮРЕККЕ ЖАҚСЫ

«Бидай – қырда, күріш – Сырда» деген қазақ. Енді Қызылорданың ақ маржаны халықты рекордтық көрсеткіштерімен ғана қуантпайтын болды. Себебі, күрішті елден ырысты өнім шығарылуда. 
Cұхбат 13 наурыз 2018 г. 683 0
Жүрегі нәзік тергеуші қыз

Жүрегі нәзік тергеуші қыз

Қазіргі таңда полиция мамандығы тек ер адамның жұмысы ғана емес. Құқық қорғау органдарында ер адамдармен иық тірестіріп қызмет етіп жүрген әйелдер қауымы жетерлік. Олар жүктелген күрделі міндеттерге, зор жауапкершілікке, күндіз де, түнде де жалғасатын жұмыс жүйесіне қарамай,  ішкі істер органдарына жұмысқа орналасты, нәтижесінде аналық, әйелдік, келіндік міндеттерімен қатар, полиция қызметкерінің міндеттерін де абыроймен атқарып келеді.
Cұхбат 05 наурыз 2018 г. 821 0