Ыбырай атаның қанатты сөздері

2057

0

Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар.

Адам – тастан берік, гүлден нәзік.

Ат қартайса, есекпен достасады,

Адам қартайса, төсекпен достасады.

Еріншек егіншіден елгезек масақшы озады.

Малға жарлылық – жарлылық,

Ақылға жарлылық – сорлылық.

Бірінші би – халық, екінші би – тарих.

Көз – нұрдың ұясы, көңіл – сырдың ұясы.

Еңбектің көзін тапқан – байлықтың өзін табады.

Адамның өзін еңбектен қалдырмағаны,

қарттыққа аяғын алдырмағаны.

Қан туыспай, жан туыспайды.

Күріш дегенше, ырыс десейші.

Әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл!

Өлім ақылы толмаған баланы да аямайды,

Ақылы асқан дананы да аямайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<