Ізгі бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек

1900

0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өткен жылғы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісу мақсатында кездесу өткізді.
«Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, РЖҚ өңірлік штабының үйлестірушісі Айбек Дайрабай және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрайымы Алина Новикова алға қойылған мақсат-міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, ізгі бағытты ұстанып, қарекет қылуға әрдайым әзір екендігін ортаға салды.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Волонтер» орталығы және Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері бірлесіп, пандемия кезінде «Маска тағыңыз», «Мың алғыс» республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, дәрі-дәрмек, азық-түлік тарату жұмыстарын жұмыла атқарды. Бұдан бөлек қайырымдылық бағытында игі істердің бас-қасында жүріп, қолдан келген көмектерін аямады. Осы орайда жыл қорытындысы бойынша қала әкімдігі жастар қозғалысына «Үздік әріптес-2020» номинациясын табыстаған болатын.

Осы бағыттан таймай, оны жандандыру ниетінде кездесу аясында жастар » Этноасхана», «Өнерлілер шоуы», «Поэзия кеші», «Үлкенге құрмет» сынды жаңа жобалар, тың идеяларымен бөлісіп, оны жүзеге асыруды талқыға салды.

Сонымен бірге «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы жанынан «Streetball» командасы құрылып, оларға арнайы символикасы бар футболкалар табысталды.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<