№198 орта мектеп командасы облыстық жарыстың жеңімпазы атанды

587

0

«Евразия» спорт кешенінде «Нашақорлыққа  жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты орта мектеп оқушылары арасындағы  облыстық ақтық жарыс өткізілді. 

Осымен жиырма төртінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа  Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан  10  команда 230 спортшы  5 эстафеталық сайыс бойынша бақ сынасты.

 Жарыс 3 кезең бойынша өтті. 1-ші кезеңі  әр ауылдық округте іріктеу жарысы өткізілсе, 2-ші кезеңі жартылай финал жарыстары аудан орталықтарында өткізілді. Ал 3-ші кезеңі облыс орталығында финалдық жарыс өткізілді.

Нәтижесінде Қызылорда қаласының №198 орта мектеп командасы жарыстың жеңімпазы атанды.

Қызылорда қаласының №23 мектеп-лицей – екінші орынды иеленсе, қазалылық №249 орта мектебі – үшінші орыннан көрінді. Төртінші орынды –  Сырдария ауданының №137, бесінші орынды – Қызылорда қаласының  №235 орта мектеп командалары еншіледі.

Одан кейінгі орындарға № 250 (Қармақшы), №34 (Жалағаш), № 62 (Арал), №156  (Шиелі) және № 239  мектептер (Жаңақорған) ие болды.

Айта кетейік, былтырғы жылы №23 мекеп-лицей командасы бірінші орынды жеңіп алған болатын.

1-5 орындарды иеленген командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубок, алғыс хат, медаль және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<