#21жас: Жаңа челлендж

5218

0

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде жаңа челлендж бастау алды. Бұл челлендж басқалардан өзгерек. Facebook әлеуметтік желісінде тез таралған челленджді жалғастырып әкеткендер көп. Әлі де өздерінің сыр сандықтарын ақтарып, жастық шақтың куәсін көрсетуде.

Жастық шаққа саяхат жасап, сол бір кезге оймен сапарлап қайтқан желі қолданушылары суретті жариялап қана қоймай өз естеліктерін бөлісті. Ай-хайлатып, пай-пайлатып жариялаған суреттерінің тарихынан сыр шерткендер де бар.

#21жас хештегімен суреттерін әлеуметтік желіге жариялаған сырбойылық желі қолданушыларының ішінде мұғалім де, дәрігер де, журналистер қауымы, тіпті қоғамға белгілі азаматтар да бар. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Болат Омаралиев, облыстық Сыр бойы газетінде ұзақ жылдар қызмет еткен, елімізге танымал фотограф, Қазақстанның Құрметті журналисі.

2. Айткүл Шалғынбаева, ардагер журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі.

3. Мұрат Жетпісбаев, белгілі журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі

4. Айнұр Мұратова, журналист, Ақпарат саласының үздігі.

5. Рахия Абуова, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің жоғары санатты оқытушысы, Озат тәжірибе мектебінің жетекшісі.

6. Асылжан Жаманқұл, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

7. Гүлжазира Жалғасова, журналист. Облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары.

8. Жәнібек Исаев, журналист. Облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы.

9. Ғазиза Әбілда, ақын, журналист, «Қазақстан Жазушылар Одағының» мүшесі.

10. Ержан Байтілес, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

11. Айдын Қайруллаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары.

12. Оңғар Саймосаев, Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі

13. Азиз Батырбеков, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы.

14. Нұрлан Жақыпбеков, «24 Хабар» агенттігінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі.

15. Талғат Тілес, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<