Қызылордада 60 градус ыстық болғаны рас па?

234

0

Әлеуметтік желіде Қызылордадағы ауа температурасы 60 градусқа жоғарылағандықтан, тұрғындардың бауырсақты отсыз пісіргендігі туралы бейнеролик тарады. Алайда, «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлама жасап, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

«Қызылорда облысы бойынша филиалы, 2019 жылдың 24-25 маусым күндері облыстың басым бөлігінде +43 +44 0С ыстық ауа райы күтілетіндігі туралы дабылды ескерту берді. 25-27 маусым күндері Иран аймағынан жылжыған жылы ауаның әсерінен облыстың басым бөлігінде +43+440С қатты ыстық байқалды, бірақ 600С ыстық тіркелмеді»-делінген хабарламада. 

Айтпақшы, кеше облыс аумағында алдын ала хабарланғандай, ауа температурасы +470С-қа жоғарылап, өте қатты ыстық болды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<