Air Astana мен FlyArystan авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер үшін жауапқа тартылды

5

0

Фото: Air Astana

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ компанияларының авиаотын көлемі туралы мәліметтерді бұрмалағаны анықталды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. 

Бұл фактілер негізінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес, аталған авиакомпанияларға әкімшілік шаралар қолданылып, әрқайсысына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Аталмыш шаралар авиация саласындағы отынның дұрыс есептелуі мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. 

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық әуе компания екі жаңа ұшақпен толыққанын жазған едік.