Құрылтай

Алдағы жылдардың даму болжамы

3

0

Фото: Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Пре­зидент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары ауди­торлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орын­басары – Ұлттық экономика ми­нистрі Серік Жұманғарин, Президенттің эко­но­ми­калық мәселелер жөніндегі кө­мекшісі Нұрлан Байбазаров және Қар­жы министрі Мәди Тәкиев қатысты.

Президентке экономиканың қазіргі ахуалы туралы баяндалып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-эко­но­микалық даму болжамдары, 2027-2029 жылғы республикалық бюджет параметрлері жөнінде мәлімет берілді.

Талқылау барысында Мемлекет басшысы биыл эко­номикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу, сон­дай-ақ республикалық және жергілікті бюджет тең­герімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар 2027-2029 жылдарға арналған бюд­жеттің негізгі басымдықтарының бірі – аурухана, ба­лаларды оңалту орталығы, мәдениет, спорт ғи­марат­тары секілді инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысан­дар құрылысын жеделдетіп салу керек екенін айтты.