Ант қабылдау рәсімі өтті

348

0

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері 7 мамыр Отан қорғаушы күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне байланысты Ант қабылдау шарасы өтті. Ант қабылдау жастарымызды отансүйгіштікке еліне берілгендікке баулудың рәсімі деп саналады. 2018 жылғы 28 сәуірде Рәміздер алаңында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне жаңадан қабылданған 10 жас қызметкердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға  ҚАЖ департаменті басшылығы ,жеке құрам қызметкерлерімен ҚАЖ ардагерлері қатысты.
Салтанатты шарада Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына сап түзеп, Әнұран орындауымен басталды. Одан соң Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жаңадан қабылданған 10 жас қызметкер қызметтік міндеттерін  адал және абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді. Сала ардагерлері қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада өздерінің естеліктерін айтып тәжірибелерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге мемлекеттің және халықтың мүдделерін абыроймен және намыспен қорғауларына  сәттілік тіледі.
Департамент бастығының орынбасары, әділет майоры Талғат Тұрсынбаев жас қызметкерлерді құттықтап, олардың азаматтық борыштарын абыроймен атқаруына тілек білдіріп, лебізін жеткізді.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<