«Арнайы киім жоқ, техника жетіспейді»: «Семей орманының» басшысы шындықты айтты

375

0

фото: Хабар 24

Абай облысында 14 адам қаза тапқан апаттан соң Президент өртенген орманды тікұшақпен барлап қайтты. Ал «Семей орманы» директорының міндетін атқарушы өрттің өршуіне техника және мамандарға арнайы киімнің тапшы болғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Өзім осы міндетті алғаныма бір ай ғана уақыт болды. Бізде бәрі шынын айтқанда, ескі машиналар. Көбі 1970-1980, 1990 жылғы машиналар, арнайы киімді 3-5 жылда алып тұрады. Түскен киімдерді береді. Аяқкиімдерді алған жоқпыз», – дейді «Семей орманы» табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі бас директорының міндетін атқарушы Мұрат Зарлықұлы.

Мұрат Зарлықұлы «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында 14 орманшы өрт жайылғанда әріптестері қашып үлгере алмағанын да айтты.

Айта кетейік, бұған дейін орманшы Серікжан Тоқтасынның әкесі басшының орынбасары әйел адам болғандықтан, өрт ошағына ұлын жұмсағанын айтқан еді.

Қазір өртеген аумақта әуеден тікұшақпен су шашылып жатыр. Жел бағытының жиі өзгеруі де өрт сөндірушілерге қиындық туғызуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<