Астанада «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұсталды

204

0

Сурет: qaj.kz

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың 4 сәуірінде «Қазавтожолдың» бұрынғы басшысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды.

«Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, – делінген ҚМА баспасөз қызметі берген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<