Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

262

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Аппараттық мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және аудан бойынша құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

2024 жылға жоспарланған барлық макроэкономикалық көрсеткіштерінің толық орындалуын қамтамасыз етіп, статистика органдарына тапсырылатын ай сайынғы есептілікті бақылауға алынады.

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне құрылыс жұмыстары көлемі бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне мемлекеттік бағдарламаларға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді қатысуын, ауданға инвестиция тарту бағытында жұмыстарды күшейту жүктелді.

Облыс әкімінің төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы мәжіліс отырысында берілген тапсырмаға сәйкес аудан бойынша қарқынды жұмыстар жасалатын болады.

Бұл ретте, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп 2024 жылғы көктемгі егістің уақытылы орналасуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, көктемгі егінді орналастыру науқаны барысында шаруашылықтардың белгіленген тәртіппен жоспарланған дизель жанар майын уақытылы алуын үйлестіріп, жеке тұрғындар тарапынан жоспарланған 500 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдарын мерзімінде орналастыру қажеттігі тапсырылды.

Инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру схемасының сақталуы қатаң бақылауға алынды. Ауыспалы егіс тәртібін бұзған шаруашылықтарға заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

Жалағаш кентіндегі тұрғын үйлер мен жеке кәсіпкерлік нысандардың келбетін жақсарту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Кент келбетіне кері әсерін тигізіп тұрған жеке меншік және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру мақсатында меншік иелерімен заңдылықтарға сәйкес тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.

«Дәуімбай учаскесінде салынып, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына сатып алынған 51 тұрғын үйдің құрылысы барысында жіберілген кемшіліктерден хабардарсыз.

Биыл осы кемшіліктер қайталанбас үшін мердігерлермен алдын ала жұмыс жасап, кемшіліктерді дер кезінде жою керек.

Биылғы жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тұрғын үй қорынан 100 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр. Оның 5 тұрғын үйін сатып алуға 63,6 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта республикалық бюджеттен 95 тұрғын үй сатып алуға 1 млрд 406,6 млн теңге қаржы келеді деп күтілуде. Бұл үлкен көлемдегі құрылыс.

Осы ретте бүгіннен бастап мердігер мекемелерді нақтылап, салатын тұрғын үйлер саны бойынша бөліністер жасақтау қажет», – деді Ардақ Ибраимов.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<