Ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

294

0

Фото: Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы

Жаңақорған ауданында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысы Талғат Дүйсебаевтың төрағалығымен мемлекеттік қолдау шаралары туралы жиын өтті, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, жиынға Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы саласына қатысты мекемелерінің, қаржы институттарының басшылары мен шаруашылық құрылымдары қатысты.

Жиын барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласының бірқатар мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, құрылған жұмысшы топ өкілдері ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау, субсидия беру нормативтері мен жеңілдетілген несиелер беру тетіктері бойынша толыққанды түсіндірме берді.

Сондай-ақ, егін егу науқанының дайындық барысы, ауыспалы егіс тәртібін сақтау, егісті әртараптандыру жұмыстарын жалғастыру үшін картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдерін ұлғайту, вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, шаруашылықтарға «Кең дала-2» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасының тиімділігі түсіндірілді.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері өзге де өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарымен пікір алмасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<