Қазақтар Түркияға пойызбен баратын болды

256

0

 Теміржол арқылы Түркия мен Еуропаға жол ашылды. Былтыр қазан айында ашылған Баку-Тбилиси-Карс теміржол бағыты қазақстандық жолаушыларды түріктің Карс қаласына дейін тасымалдайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір техникалық мәселелер шешілуде.

Әзірбайжан жерімен өтетін рельстің өлшемі 1520 миллиметр, ал түріктікі – 1435 миллиметр. Бір рельстен екіншіге өтерде не дөңгелек ауыстыру керек, не бұл процесті автоматтандыру қажет. Біз сондай талапқа сай келетін вагондарға тапсырыс беріп қойдық. Жыл соңына қарай жолаушылар тасымалы (әзірге Карсқа дейін) басталады деген жоспар бар, дейді «Әзірбайжан темір жолының» төрағасы Джавид Гурбанов.

Бұл қазақстандық туристер үшін де Түркияға және одан ары қарай саяхат жасаудың ыңғайлы мүмкіндігі, — деп қосады Әзірбайжанның мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз хатшысы Вугар Шихмамедов.

Дереккөз: 365.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<