Далалық зерттеу сабағы – географияны оқытудың жаңа тәсілі

174

0

Фото: NIS

Қызылордадағы NIS-те география пәнін «Менің кіші Отаным» тәрбиелік жобасымен ұштастыра отырып жаңа оқыту тәсілі енгізілді. Бұл жоба оқушыларды туған жердің табиғаты мен мәдени ерекшеліктерін зерттеуге дағдыландырады.

Жоба аясында 9-сынып оқушылары Бесарық ауылдық округінде далалық зерттеу сабағына қатысты. Онда оқушылар көпсалалы «Абай-Дәулет» ЖШС болып, мал шаруашылығы, түйеқұс, қаз, тауық және қырғауыл өсіру барысымен танысты. Сонымен қатар, туризм мен инфрақұрылымды дамыту бойынша мамандармен сұхбат жүргізіп, болашақ зерттеу жұмыстары үшін қажетті ақпарат жинады.

«Ауыл аманаты» республикалық жобасы аясында серіктестік демеушілігімен ашылған өндірістік аймақта болып, жұмысшы қолғаптар, сабын, ұлттық стильде киім мен текстиль өндіру секілді кәсіпорындарының жұмысын көрді. Оқушылар ауыл жағдайында да креативті қолөнерді дамытып, сұранысқа ие өнімдер шығаруға болатынына көз жеткізді.

«Абай-Дәулет» ЖШС басшысының орынбасары Марат Сарсенбай қазіргі таңда сұранысқа ие мамандар мен өндіріске қажетті инновациялар және агроөнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп саласындағы перспективалар туралы айтты.

Далалық зерттеу сабағы оқушылардың зерттеу дағдыларын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді және ауыл мәселелері туралы түсініктерін кеңейтіп, болашақ жобалық жұмыстарға шабыт алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<