Синоптиктер 25, 26, 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Syrboyi.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Қазақстан аумағында жоғары қысым әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр.
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады деп күтіліп отыр.
«Батыс өңірлерде түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында күтіледі», – деп жазылған хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<