
Жиында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Кәсіпкерлік және туризм», «Қызылорда облыстық білім басқармасы», «Мемлекеттік кірістер департаменті» мекемелерінен арнайы келген сала мамандары бес әлеуметтік бағыт бойынша жастарға толық түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Талғат Оспанұлы Елбасы бастамаларының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін және бұл бастама жастар үшін жасалған үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
Жиын қорытындысында арнайы келген сала мамандары Елбасы бастамалары бойынша азаматтық көзқарастарын білдіріп, жастармен өзара пікір алмасты.