Иркутск облысындағы алапат тасқын: 3,3 мың үй су астында қалды

198

0

Иркутск облысындағы 55 елді мекенде 3,3 мың үй су астында қалды, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«1 шілдедегі дерек бойынша алты аудандағы 55 елді мекенде 3 296 үйді су басқан. Онда 9 809 адам тұрады, соның 2 681-і бала. Үйлерден бөлек, әлеуметтік маңызы бар 18 нысан, 3 525 аула да су астында қалған», – деп мәлімдеді Иркутск облыстық ТЖМ баспасөз қызметі. 
Ведомствоның хабарына қарағанда, төрт елді мекен сыртқы әлемнен оқшауланып қалған. Оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да керек-жарақтар жеткізілді. Су тасқынынан автомобиль жүретін 13 көпір  қирап, басты автожолдарда қозғалыс шектелді. Апат салдарын жоюға 1,4 мың адам жұмылдырылған.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<