«Кептер ауламақ болған». Қызылорда облысында мектеп шатыры опырылып, бір адам қаза болды

344

0

Қызылорда облысында мектеп шатыры опырылып, көгершіндерді ауламақ болған екі ер адам төбеден құлаған. Олардың бірі қаза болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 28 қаңтарда Қызылорда облысының Сырдария ауданында болған.

«Сырдария ауданындағы Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің шатыры опырылып, бір адам қайтыс болды. Ғимарат ескі емес. 28 қаңтар күні сағат 23.00 шамасында мектеп электригі қасына танысын ертіп шатырға шығады. Кептер ауламақ ниетте. Алайда үш қабатты ғимарттың төбесі опырылып, біреуі жертөлеге құлап қайтыс болыпты», – деп жазылған жазбада.

Сырдария аудандық ПБ қызметкерлері өздерінің ресми жауабында дерек бойынша облыстың ішкі істер департаменті тексеру жүргізіп жатқанын жазды.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 204-бабына сәйкес, тергеу барысы жарияланбайды», – делінген жауапта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<