Әлемдегі “ең бақытты” мемлекет анықталды

330

0

БҰҰ нұсқасы бойынша Финляндия әлемдегі ең бақытты елдердің көшін бастады.

БҰҰ World Happiness Report жыл сайынғы баяндамасында 156 елдің ішіндегі ең бақытты мемлекеттерді атайды.

Сараптама елдің ІЖӨ, жемқорлық, еркіндік, өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау сияқты көрсеткіштерге сүйене отырып жасалынады.

2017 жылы 5-орыннан көрінген Финляндия биыл Норвегияны кейін сырғытып, рейтингте көш бастап тұр.

Алғашқы ондыққа Норвегиядан басқа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция және Австралия мемлекеттері кіреді екен.

Ең бақытсыз елдер ретінде Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы және Бурунди танылған.

Дереккөз:  Inform.Kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<