«Мәңгілік қозғалтқыш» моделі патенттелді

819

0

Марат Палмахов өзі ойлап тапқан генератордың көмегімен шалғайдағы ауылдарды электр қуатымен және сумен қамтамасыз етудіжоспарлап отыр. Оның идеясына елдің беделді университеттері, соның ішінде Nazarbaev университеті қызығушылық танытты.

Қызылордалық «дипломсыз инженер»автономды генератор моделімен 9 жыл бойы жұмыс істеді. Ақырында, көпжылдық эксперименттер мен сынақтар сәтті аяқталып, өткен жылы экологиялық таза және сыртқы энергия көздерін қажет етпейтін «мәңгілік қозғалтқыш» дайын болды.

«2021 жылы мен өздігінен электр және сумен қамтамасыз ете алатын автономды генератор жасадым. Дизайн мен жұмыс принципін қолдану оңай және үлкен шығынды қажет етпейді, сондықтан құралды жеке тәртіппен және өнеркәсіптік өндірісте пайдалануға болады. Генератор экологиялық материалдардан жиналады және қоршаған ортаға зиянды қалдық шығармайды, бұл қазіргі жағдайда аса маңызды жәйт. Сондай-ақ, генератор толығымен автономды, яғни оның жұмысы сыртқы факторларға байланысты емес. Қуат көзі ретінде жел де, су да, электр энергиясы немесе отынды қажет етпейді», – дейді Марат Палмахов.

Сондай-ақ, генераторға техникалық қызмет көрсету оңай және жоғары білікті мамандарды қажет етпейді. Сондықтан оны кез-келген климаттық жағдайда қолдануға болады және оған бір адам қызмет көрсете алады. Демек, оны электр желілері мен су құбырларын жүргізу мүмкіндігі жоқ елдің шалғай аймақтарында орнатуға болады.

«Бұл генератордыэлектр беру, байланыс, су құбырларының жақын өтетін желілері жоқ ауылдарда, елді мекендерде, фазендтерде, омарталарда, фермерлік шаруашылықтарда қолдануға болады,. Сатып алуда да, қызмет көрсетуде де құны қымбат күн батареяларына ең жақсы балама»,-дейді өнертапқыш.

Жақында Марат Палмахов патент алып, Қызылорда жастар ресурстық орталығында генератордың тұсаукесері өтті.

Қазіргі таңда Nazarbaev университетінің ғалымдары аппаратпен жұмыс істеуге қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Палмаховтың айтуынша,  оның жақын арада одан әрі зерттеуді қажет ететін басқа идеяларыда жеткілікті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<