Маймыл шешегі балаларға жұға бастады

433

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі балаларда да анықтала бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис брифингте айтты.

«Балаларда ауру жағдайлары туралы мәліметтер бар. Бүгінгі таңда олардың үштен бір бөлігі 10 жасқа дейінгі балаларға, ал жартысы бес жасқа дейінгі балаларға тиесілі», деді Льюис брифинг барысында.

ДДҰ хатшылығының басшысы 18-19 жас аралығындағы науқастар арасында маймыл шешегінің жұғуы әлі толық зерттелмегенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<