Мәдина Сәдуқасова моңғолдың «Хүний сайхан сэтгэл» әнін шырқайды

428

0

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, әнші Мәдина Сәдуақасова мен әнші, сазгер Ұшқын Жамалбек Моңғолия астанасы Ұланбатырға келді. Қос әнші жоспар 14 наурызда Қобдада, наурыздың 15-інде Баян-Өлгей аймақтарында, ал 16-сында Ұланбатыр қаласының ең үлкен концерт залы «UB palace»-та жанды дауыста «Арман елім-ай» атты ән кешін көрермендерге тарту етпек, – деп хабарлады Қазақпарат. 
Қазақстандық әншілерді кеше Ұланбатыр қаласындағы «Шыңғыс хан» халықаралық әуежайынан ұйымдастырушылар алқасы, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   Әуежайда әнші Мәдина Сәдуақасова журналистерге сұхбат берген болатын. «Бұл менің Моңғолияға алғашқы сапарым емес. Осыдан 10 жыл бұрын  осында сапарлап келгенмін. Ол кезде Наурыз концертіне қонақ ретінде қатысып, ән тартуымды ұсындым. Ал қәзір жеке шығармашылық концертімді бергелі отырмын. Сондай қуаныштымын!», – деді Мәдина Сәдуақасова. 
Сұхбат барысында қазақстандық әнші шығармашылық кештің «Наурыз» мейрамына орай ұйымдастырылғанымен, барша моңғол халқына арналатынын жеткізді. «Бұл кеште Моңғол елінің мәдениет қайраткері, әнші Энхзулдың айтып жүрген «Хүний сайхан сэтгэл» немесе «Адамдардың ақ ниеті» атты әнін моңғол тілінде орындаймын. Өзімнің жаңа туындыларымнан ұсынамын. Осыдан 28 жыл бұрын Баян-Өлгей аймағының Бұлғын сұмынынан Қазақстанға қоныс аударған, дарынды композитор Ясира Заханқызының туған жеріне арнап жазған «Бұлғыным» әні де шырқалатын болады», – деді Мәдина Сәдуақасова. Сондай-ақ, ол «Хүний сайхан сэтгэл» әнінің мағынасы мен әуенін қатты ұнатқанын, сондықтан таңдауы осы әнге түскенін атап өтті. «Бұл әнді шегіне жеткізіп орындаймын деп ойлайым. Дайындығым да өте жақсы. Жалпы Моңғол елінің өнерпаздарынан әйгілі әншілер Төмөрийн Ариунаа, Батмөнхийн Сарантуяа, Мемлекеттік сыйлықтың иегері әнші Доржсүрэнгийн Болдлардың шығармаларымен таныспын, әндерін сүйіп тыңдаймын. Осында келерден бұрын Моңғолияда  балет өнерінің әлемдік деңгейге көтерілгенін естіп қатты қуандым. Осы тәрізді Моңғол елінен көптеген жақсы істерді үйренуге болады», – дейді әнші. 
Бұдан бөлек, М.Сәдуақасова осы сапарындағы бағдарламасымен де бөлісті. Оның сөзіне қарағанда, бұл жолы Моңғолияда барлығы 5 рет концерт өткізу жоспарланған. «Қобда, Баян-Өлгей аймақтарында жеке-жеке кеш өтеді. Ал Ұланбатырда бір рет қойылады. Концерттің уақыты өте тығыз. Егер арасы жиі емес болғанда Ясира апайдың туған жері Бұлғынға барушы едім. Өкініштісі бұл жолы бара алмайтын болдым. Бүгін Цонжин болдогтағы «Шыңғыс ханның» ескерткіш кешенімен танысамын. Көңіл күйім тамаша!» деп жауап берді әнші тілшілерге.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<