Мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы

312

0

Бүгін Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалиннің қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифингте А.Бердалин республикалық және жергілікті ақпарат құралдары өкілдері үшін Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарға кеңінен тоқтала отырып, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау бағытында атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Сонымен қатар, А.Бердалин мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Агенттіктің кадрлық саясатының басымды бағыттарының бірі болып отырғандығын және оған байланысты келетін өтініштер жедел және әділ тәртіпте қарастырылатынын атап өтті. Брифинг қорытындысымен ақпарат құралдарына «Цифрлық Агенттік» бағдарламасы туралы кеңінен баяндалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<