Мереке күндері елімізде 33 градусқа дейін күн ысиды

234

0

Синоптиктер сәуірдің соңғы күндері мен 1-2 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

29-30 сәуір күні елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, батысы мен орталығында да жоғары атмосфералық қысымның әсерінен өткінші жауын болуы мүмкін.

Сонымен қатар еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және кей орталық аудандарында күн 22-33 градусқа дейін ысиды.

Мамырдың басында еліміздің басым бөлігінде күн суып, өткінші жаңбыр мен найзағай болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<