Мобильді аударымдар туралы

634

0

Фото: Open Qyzylorda

2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады.

Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Егер 2 ай 100 аударымнан көп төлем жасалып, арасында үзіліс жасап төлем аударылса, я болмаса 100 аударымға жетпейтін мөлшерде болса, бұндай жағдайда тексеріс жүргізілмейді

Банктерден ақпараттың келіп түсуі кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.

Яғни:

1. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап- мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары (2022 жылдың қорытындысы бойынша).

2. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап- мемлекеттік мекеме қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субектілері және олардың жұбайлары (2023 жылдың қорытындысы бойынша)

3. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап- жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың жетекшілері және олардың жұбайлары (2024 жылдың қорытындысы бойынша)

4. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап- халықтың қалған бөлігі (2025 жылдың қорытындысымен)

Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған.

Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша) мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<