Нұрлан имам Капитолиде бірқатар кездесулер мен ресми қабылдауларға қатысты

242

0

Фото: Kazinform

Қазақстанның атынан АҚШ-қа – Ақ үйдің қайырымдылық асына аттанған Нұрлан Байжігітұлы Капитолиде бірқатар кездесулер мен ресми қабылдауларға қатысты, деп хабарлады Қазақпарат.

Астана қаласындағы Ырыскелді мешітінің бас имамы әрі Jibek joly арнасының тележүргізушісін белгілі қоғам қайраткерлері, танымал азаматтар, бизнес өкілдері, әлемдік дін қызметкерлерімен бірге АҚШ Конгресмені Роберт Браун Адерхольт қабылдады.

Сонымен қатар олар Мичиган штатынанан сайланған конгресмен, саясаткер Джон Мулинармен, танымал саясаткер Сэмм Баундбэкпен, АҚШ президентінің әлемдік көші-қон бойынша арнайы өкілетті елшісі Джон Ричмендпен, ливандық саясаткер, президенттікке үміткер Ниман Фрэммен жеке-жеке жүздесіп, сұқбаттасты.

«Мен мұнда Отанымыздағы діни еркіндік, теңділік, адам құқықтарының сақталуы, толеранттық туралы кең тарқатып айттым. Ертең мұхиттың арғы жағындағы қазақстандықтармен кездесетін боламын», – деді Нұрлан имам.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<