Облыста МЖА аясында 3 балабақша салынуда

331

0

 Қызылорда облысында мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында 3 балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бөбекжайлар 900 бүлдіршінді қабылдайтын болады. Аймақта балаларды арнайы бағдарламамен оқытатын мектепке дейінгі мекемелермен қамту жоспары тұр. Қазіргі таңда өңірдегі 3 мыңнан астам мүгедек бала мен жасөспірімнің жартысы ғана мектеп пен балабақшаға барады. Бұл ретте аймақ педагогтары 2020 жылға дейін инклюзивті білім берумен қамту көрсеткішін 70%-ке жеткізуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы тәрбие беру мақсатында сурдопедагог, дефектолог және логопед мамандар көптеп әзірлену үстінде. Сондай-ақ балғындар балабақшаларда робототехника үйірмесіне қатыса алады.
Жанат Мұхамбетқалиева, балабақша меңгерушісі: – Қазір жазғы сауықтыру-шынықтыру кезеңі. Бұл кезеңде робототехника, робо-лего үйірмесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар суретшілер үйірмесі бар. Үйірмеде арнайы маман жұмыс жасайды. Сонымен бірге хореографиялық би жетекшісінің үйірмесі, ән-би бұдан басқа ойын түрлеріне байланысты үйірмелер жұмыс жасайды. Үлгілі тәрбиеші, үлгілі балабақша номинациясы бойынша биылғы жылы үлкен жетістіктерге жеттік.
Берік Жәнібеков, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы – Бүгінгі таңда облыс бойынша 667 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Онда 61 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 72% жеке сектор үлесінде. Екі балабақша мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салынып, жұмыс жасауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<