Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ

330

0

Кеше «Қамқор вагон» ЖШС-нің Қазалы вагон жөндеу депосы филиалында оқыс оқиға орын алды.

Депо ішінде цистерна вагонының ауа клапанын сынақтан өткізу мақсатында автоген аппаратымен кесу жұмыстары жасалу кезінде ішінде қалған қалдық жанар-жағармайдың әсерінен булану, қысым пайда болу нәтижесінде жарылыс оқиғасы орын алған. Оқиға кезеңінде мекеменің дәнекерлеушісі автоген аппаратымен жұмыс жасаған.

Оқиға салдарынан қаза тапқан және зардап шеккен адамдар жоқ. Жарылған қысым арқылы мекеменің төбе жабындысының аз ғана учаскесіне нұқсан келтірілген.

Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<