\»Ордабасы\» – \»Қайсар\»: 1:2

246

0

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-турын­да жанкүйердің делебесін қоздырған тартысты ойын болды. Шымкентте жергілікті «Ордабасымен» кездескен «Қайсар» бұл жолы алаң иелерінен басым түсіп, 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Матч басталысымен «Ордабасы» ойыншылары шаб­уылға кірісті. Команданың бра­зилиялық легионері Жоау Пауло тепкен доп қақпа бағанасынан кері қайтты. «Қайсарлықтар» да қарап қалмады. Қарымта шабуылда Куле Мбомбо «Ордабасының» қақ­па­сына гол соғып, 37-минут­та есеп ашты. Араға 3 минут салып, алаң иелері есепті теңестірді.

Ойынның екінші бөлігін «Қайсар» қарқынды бастады. Бірнеше шабуыл ұйымдастырылды. Ойын аяқталар тұста алаңға шыққан жас шабуылшы Өркен Махан төреші қосқан қосымша 6 минутта бұрыштамадан асқан допқа бірінші жетіп, жеңіс голын салып кетті.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<