ОРТАЛЫҚ ЕМДЕЛУШІЛЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

255

0

Бүгін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Жылы жүрек» еріктілер тобының ұйымдастыруымен Талсуат мүгедектерді оңалту орталығында ем алушылар арасында спартакиада өтті.

Жарысқа барлығы 5 команда қатысты. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар арқан тарту, асық ату, нысана көздеу мен эстафета жарысынан бақ сынасты. Шара барысында барлық команда белсенділік танытып, бар күш-жігерлерін салды. Нәтижесінде, бірінші орынды – 4 команда қанжығасына байласа, екінші орынды – 2 команда иеленді. Ал,  үшінші орын – 1 және 5 командаға бұйырды. Жарыс қатысқан барша жеңімпаздарға «Ел Арай» қайырымдылық қорының қолдауымен бағалы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.

Спартакиада соңында, оңалту орталығының директоры Мейрамбек Әбдікәрімов игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

“Сыр бойы”.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<